«Арқалы ақын, күміс көмей» атты сазды кеш өтті.

24 желтоқсан күні №1 Шу қалалық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен айтыскер ақын, сыршыл лирик, суреткер эпик, төкпе ақын, әнші-сазгер Сауытбек Ұсаұлының 155 жылдық мерейтойына орай «Арқалы ақын, күміс көмей» атты сазды кеш өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға ақынның қазақ әдебиетіндегі дара тұлғасы, поэзиясының көркемдік қуаты мен өміршең мәні туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар С. Ұсаұлының шығармашылығына арналған баяндама оқылып, кітаптарына шолу жасалды.