«Армысың, әз Наурыз» оқырман сағаты өткізілді.

20 наурыз күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Армысың, әз Наурыз» оқырман сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:Наурыз мейрамының мән-маңызын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және халықтық құндылықтарды насихаттау.

Шара барысында оқырмандарға Наурыздың тарихы мен ерекшеліктері таныстырылып, ұлттық дәстүрлер туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, оқушылар өлең оқып, өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.