«Ақынның айшықты жырлары» тақырыбында әдеби микс өткізілді.

11 сәуір күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында «Жазушымен бір күн» жобасы аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Шырын Мамасерікованың 80 жас мерейтойына орай «Ақынның айшықты жырлары» тақырыбында әдеби микс өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға Шырын Мамасерікованың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы таныстырып өтті. Шығармашылығы өз бояуын жоғалтпайтын, шындықты ту ететін, тек биік шыңдарды бағындыратын туындылар екендігі туралы да айта келе, «Елге деген махаббат», «Өлеңімнің әр жолы-өмірбаян», «Бақыт» кітаптарына шолу жасап, өлең жолдарын оқып берді.