«Ақын – халық қазынасы» атты Әбдімомын Желдібаевқа арналған өмірбаяндық шолу өткізілді.
25 маусым күні Алға ауылдық кітапханасының қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ақын – халық қазынасы» атты Әбдімомын Желдібаевқа арналған өмірбаяндық шолу өткізілді.Іс-шара барысында оқырмандарға белгілі сазгер, күйші Әбдімомын Желдібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Оның қазақ мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі, ел жүрегінен орын алған шығармалары жайында әңгіме өрбіді.
Шара барысында Әбдімомын Желдібаевтың өмір жолы, еңбекқорлығы, табандылығы және өз еңбегі арқылы жеткен жетістіктері туралы жан-жақты мәліметтер ұсынылды.


