«Ақын – елдің ардағы» кездесу кеші өтті.
23 сәуір күні Оразалы ауылдық кітапханашысы мен мектеп кітапханашысының бірлесуімен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Ақын – елдің ардағы» кездесу кеші өтті.
Шара барысында кітапханашылар жергілікті жерден шыққан ақын-жазушылар туралы мазмұнды ақпарат беріп, олардың шығармашылығын насихаттады. Кештің құрметті қонағы Малибеков Сат ағамызға сөз беріліп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ақынның өмір жолы мен жетістіктері туралы кеңінен танысты.
Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, рухани кештің мазмұны одан әрі толықты. Кеш соңында қонаққа және белсенді қатысушыларға сый-сияпат табысталды.



