“Ақын елдің ардағы” атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді.

16 мамыр күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушыларымен “Жазушымен бір күн” кітапханалық жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Қайырбек Асановтың 80 жас мерейтойына орай “Ақын елдің ардағы” атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы ақынның өмірбаянына шолу жасап, кітап көрмесіндегі “Күзгі шуақ”, “Нұрлы дүние”, “Ай мен күннің сәулесі” шығармалары таныстырылып, кеш қонағы ақын, айтыскер Ақсу ауылдық мәдени ұйымдастырушысы Б.Жұмабеков оқушыларға ақын Қ.Асановтың өмір жолдары мен жеткен жетістіктерін, шығармаларын таныстырып, “Күзгі шуақ” өлеңін оқып берді.