«Ақын – ардын айнасы» ақпараттық сағаты өтті.

9 шілде күні Көктөбе ауылдық кітапханасында «Облыстық жазушымен бір күн» кітапханалық жобасы аясында Жамбыл облысы,Талас ауданы, Ойық ауылының тумасы, 1987 жылы «Талас тынысы» газетінің бөлім меңгерушісі, «Руханият» газетінің бөлім меңгерушісі, Құрмет грамоталарымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Баймахамбет Ахмет 70 жасына орай, «Ақын – ардын айнасы» ақпараттық сағаты өтті. Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарымызға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берді. Шығармашылығымен таныстырып, «Ауыл деген- жұлдыз жыры, ай әні» өлеңін оқып берді.