“Аққан жұлдыз” атты әдеби-танымдық кеш өтті.

18 қараша күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ғалымы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған “Аққан жұлдыз” атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Іс-шарада кітапханашы Шоқан Уәлихановтың қысқа да мазмұнды ғұмырында қалдырған ғылыми мұрасы, әсіресе “Алтышаһарға сапар” еңбегінің маңызы туралы кеңінен әңгімеледі. Кітапхананың тұрақты оқырманы Ж.Қабас шығармадан алған әсерімен бөлісті.