«Ақиық ақын» атты поэзия кеші өтті.

24 желтоқсан күні Балуан Шолақ ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен халық күйшілері мен ақындарының мұрасын қадірлеуге үндеген ақын Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ақиық ақын» атты поэзия кеші өтті.

Іс-шара барысында Әбу Сәрсенбаевтың өмірі мен халқына сіңірген еңбегі таныстырылып, шығармашылығы әдебиет сүйер көпшілікке кеңінен насихатталды.