«Ақиқатқа айналды ата-баба арманы» еске алу кеші өткізілді.

26 мамыр күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Ақиқатқа айналды ата-баба арманы» еске алу кеші өткізілді.Іс-шара барысында Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат берілді. Мақсаты: Қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға , сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру,өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы екендігі туралы насихаттау.