«Ақ күріштің атасы – Ыбырай» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
25 маусым күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында әйгілі күріш өсіруші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ақ күріштің атасы – Ыбырай» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға Ыбырай Жақаевтың өмір жолы мен еңбек жолы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Қазақ халқының даңқты диқанын елге танытқан ерен еңбегі, күріш шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі жайында айтылды.



