«Ана – жүректегі жыр» атты оқу марафоны өтті.
5 мамыр күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 11 мамыр – Аналар күніне орай «Ана – жүректегі жыр» атты оқу марафоны өтті.
Аталған мерекелік шараның мақсаты:ананың қоғамдағы мәртебесін арттыру, аналық құндылықтардың маңызын насихаттау, қазіргі Қазақстан қоғамындағы аналардың рөлін айқындау, сондай-ақ қазақ халқы тарихындағы аналар бейнесін ұлықтау болды.
Іс-шараға 4-сынып оқушылары қатысып, қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Мұқағали Мақатаев пен Қадыр Мырза Әли шығармаларынан ана туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.
Оқушылар ананың мейірімі мен шексіз махаббатын жырлаған туындыларды жүрекпен жеткізіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Шара барысында анаға деген құрмет, ізгілік пен сүйіспеншілік сезімдері кеңінен насихатталды.




