«Ана тілім – ардақтым» атты мәнерлеп оқу өтті.

3 қыркүйек күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Халықаралық тілдер күніне орай «Ана тілім – ардақтым» атты мәнерлеп оқу өтті.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары ақындарымыздың ана тіліне арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып, тіл туралы мақал-мәтелдерден шашу шашты. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін, құрметтері мен ыстық ықыластарын жеткізді. Ана тілі – ұлттың жаны, халықтың рухы. Тілімізді құрметтеу – елдігімізді құрметтеу!