«Ана тілім – ардағым» атты жұлдызды қазына өтті.
20 ақпан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 21 ақпан – Халықаралық тілдер күні мерекесіне орай «Ана тілім – ардағым» атты жұлдызды қазына өтті. Шараға Алға орта мектебінің оқушылары қатысты. Жұлдызды қазына барысында кітапханашы оқырмандарға өз ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіріп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету ережесі бойынша, ұлы жазушылардың тіл туралы айтылған сөздері, мақал-мәтелдері мен жасырылған жұмбақтарға жарыса жауап берді. Мақсаты:Мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

