“Ана тілім айбыным” атты әдеби верниссаж өткізді.
9 маусым күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері “Ана тілім айбыным” атты әдеби верниссаж өткізді. Аталған іс-шара елдің дамуына сүбелі үлес қосқан зиялы қауым өкілдерінің, қазыналы қарттардың тәлімін, ғибратты өмірін жастарға үлгі ету, дәстүр сабақтастығын ұрпақтан ұрпаққа аманат ету негізінде ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негізін қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.



