«Ана тілі – құламайтын бәйтерек» поэтикалық марафон өтті.
20 ақпан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен 21 ақпан – Ана тілі күніне орай «Ана тілі – құламайтын бәйтерек» поэтикалық марафон өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған рухани-танымдық шара болды.
Шара барысында оқырмандарымыз қазақ поэзиясындағы тіл тақырыбына арналған жырларды мәнерлеп оқып, ұлт руханиятының өзегі – ана тілінің құдіреті дәріптелді.Тіл туралы М.Мақатаевтың, Қ.Мырза Әлі, Ф.Оңғарсынова сынды ақындардың өлеңдері оқылып, көркем сөз арқылы ұлттық құндылықтар насихатталды.




