“Ана тілі – бабалар аманаты” әдеби микс ұйымдастырлды.
17 ақпан күні Абай ауылдық кітапханасында Халықаралық Ана тілі күніне орай “Ана тілі – бабалар аманаты” әдеби микс ұйымдастырлды. Ана тіліміздің мәртебесін көтеру, оның тарихи маңызы мен рухани құндылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.
Іс-шара барысында қазақ тілінің тағдыры, дамуы мен болашағы туралы мазмұнды мағлұмат беріліп, тіл туралы ақын-жазушылардың өлеңдері оқылады, көркемсөз оқу, әдеби композициялар мен танымдық бөлімдер ұсынылады.
Кештің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге үлес қосу. Шара соңында кітаптарға шолу жасалды.




