«Ана саған табынам» атты кездесу кеші

7 наурыз күні Далақайнар ауылдық кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана саған табынам» атты кездесу кеші «Парасат» клубының мүшелері және кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы мерекемен барша аналарды құттықтап, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білу біздің парызымыз деді.