«Ана – өмірдің гүлі» тәрбие сағаты өтті.
6 наурыз күні Абай ауылдық кітапханасында «Ана – өмірдің гүлі» тәрбие сағаты өтті.
Ана – әр адамның өміріндегі ең қымбат, ең ардақты жан. Шараның мақсаты: оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, ананың еңбегін құрметтеуге, мейірімділік пен қамқорлыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар ана туралы өлеңдер оқып, ән айтып, аналарға арналған жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар ана туралы мақал-мәтелдер айтылып, шағын сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Оқушылар ананың бала өміріндегі орны ерекше екенін түсініп, өз аналарына деген алғыстарын жеткізді.
Шара соңында оқырмандар аналарды құрметтеу – әр баланың парызы екенін айтып, аналарға денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.




