«Ана – өмір шуағы» мерекелік кеш ұйымдастырылды.
4 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Шоқпар ауылдық кітапханасында «Ана – өмір шуағы» мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – аналардың қоғамдағы орнын дәріптеу, оқырмандарды адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.Кеш барысында мерекенің тарихы таныстырылып, ана туралы өлеңдер оқылды, әндер орындалды. Аналарға арналған сыйлықтар табысталды.


