«Ана – өмір шуағы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып өтті.
7 наурыз күні Жер дүниені жылылыққа орап, жүректерге іңкәр сезім сыйлап, көктем мезгілі келді. Көктем шуағымен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осы орайда айтулы күнге орай, Шу ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, ОКЖ қызметкерлері арасында, «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып өтті. Кеш барысында кітапханашылар ән айтып, би билеп, ойын ойнап, өз өнерлерін ортаға салды. ОКЖ директоры Б.Алжанбаева құттықтау сөз сөйледі. Кәсіподақ төрайымы А.Төлегенова өз кезегінде әріптестерді көктемнің айтулы мерекесімен құттықтап, кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар тарту етті. Кеш қызықты әрі тартымды өтті. Мереке құтты болсын құрметті әріптестер!




