«Ана мен қыз – өмірдің қос шуағы» тақырыбында тағылымды кездесу кеші өтті.
8 мамыр күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ана мен қыз – өмірдің қос шуағы» тақырыбында тағылымды кездесу кеші өтті.
Іс-шараға мектеп психологі Гүлнур Майбекқызы қатысып, қыз балалар тәрбиесі, ана мен қыз арасындағы сыйластық пен түсіністік жайында өз пікірін білдірді. Сонымен қатар, көпбалалы ана Жұлдыз Закітайқызы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тағылымы мол ой түйді.
Кештің мақсаты – қыз балаларға өнегелі тәрбие беру, адамгершілікке, инабаттылыққа және жақсылыққа баулу.


