«Ана мейірімі-мәңгілік» мерекелік кеш өткізілді.

4 наурыз күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен көкткемнің әсем мерекесі Аналар мейрамы қарсаңында «Ана мейірімі-мәңгілік» мерекелік кеш өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы кешке қатысушыларды осынау көктем мерекесімен құттықтай отырып, бұл мерекенің қай кезде де орны бөлек екендігін, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес деп жылы лебізін білдіріп, 8 наурыз Аналар мерекесімен құттықтап өтті.

Қатысушы оқырмандар Қыдырбай Арузат, Қази Айбөпе Қ. әннен шашу шашып, Домалақ ене орта мектебінің өнерпаздары би билеп, көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады