«Ана – барлық көркемдіктің белгісі» атты танымдық сағаты өтті.

13 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 12 мамыр – Аналар күніне орай «Ана – барлық көркемдіктің белгісі» атты танымдық сағаты өтті. Шарада кітапханашы аналарды айтулы мерекемен құттықтап, оқушылар, ана туралы ақын жазушылардың өлең жолдарын орындады. Мақсаты: Жанұядағы ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, анасын құрметтеу арқылы отбасына, туған еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.