«Ана өмірдің шуағы» атты пирамида ойыны өтті.

6 наурыз күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 8- наурыз Халқаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана өмірдің шуағы» атты пирамида ойыны өтті.

Мақсаты: «Ана» туралы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.