“Алыптар шоғырының айбоздары“ атты тарих сағаты өтті.
30 мамыр күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Қ.Сәтпаев орта мектебі оқушыларының қатысуымен “Алыптар шоғырының айбоздары“ атты тарих сағаты өтті.Шара барысында кітапхана қызметкері қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағұлмат беріп,жалпы ашаршылық кезіндегі қиын қыстау оқиғалардан үзінділер оқып берді.Мақсаты:Азаттық жолында және ашаршылық қасіретінен, құрбан болған бабаларымызды еске алу, рухына тағзым ету. Өнегелі іс арқылы өскелең ұрпақтың санасына, бойына отансүйгіштік, елжандылыққа дәріптеу




