«Алып тұлға – Қаныш аға» атты тақырыбында буккроссинг өтті.

10 сәуір күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы қазақтың ғұлама ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 126 жыл мерейтойына орай «Алып тұлға – Қаныш аға» атты тақырыбында буккроссинг өтті. Шара барысында кітапханашы Қазақ ұлттық ғылым академиясының негізін қалаған геолог ғалымының халқына сіңірген еңбегі туралы, сондай-ақ 100 -ге жуық ғылыми еңбектердің авторы Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат берді.Оқушылар өзі оқыған кітабын өзгеге ұсынып, кітап алмасты. Мақсаты: аса көрнекті, ғалым, геоглог, мемлекет қайраткері, Қаныш Сәтбаевтың артында қалдырған ғылыми мұралары мен оқушыларға таныстыру.