«Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты өмірбаяндық шолу өткізді.

19 қараша күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты өмірбаяндық шолу өткізді. Іс-шарада кітапхананың тұрақты оқырмандары әннен шашу шашып, домбырада күмбірлете күй ойнап, ақынның «Өтірікке бәйге», «Жазғы кеш», «Нан» атты өлең жолдарын жатқа оқыды. Кітапханашы Б.Жармағамбетұлының поэзия, проза мен драма саласында бірдей өнімді еңбек еткендігіне тоқталып, жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды. Мақсаты: оқырмандарды ақынның шығармашылығына қызығушылық таныту, оларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мүмкіндігінше толық түсінік беру.

Возможно, это изображение 31 человек, люди учатся, отдел новостей и текст