«Алтын Орданың саяси тарихы» атты дәріс өтті.
15 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 755 жыл толуына орай «Алтын Орданың саяси тарихы» атты дәріс өтті. Шара барысында кітапханашы Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, дамуы, Алтын Орда өзін билеген хандары туралы қысқаша түсіндіріп кітап қорындағы тарихи кітаптарға шолу жасады.



