“Алтын адамның аманатын арқалаған ғалым” атты әдеби ойын өтті.
11 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен жаратылыстанушы,ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның 80 жылдық мерейтойына орай “Алтын адамның аманатын арқалаған ғалым” атты әдеби ойын өтті. Аталған шарада кітапханашы Алтын адам мұрасына өмірін арнаған Мағрипа Жылқыбаеваның еңбектерінің ғылыми маңыздылығына тоқталып, артына мол мұра қалдырған ғалымның еңбектерінің еліміз үшін ерекше екендігін атап өтті.




