«Алғыс сөздің асылы» кеш өткізілді.
26 ақпан күні Далақайнар ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандары және “Параст” әуесқойлар клубының мүшелерінің қатысуымен Алғыс айту күніне орай «Алғыс сөздің асылы» кеш өткізілді.
Іс –шара барысында кітапханашы оқырмандарға Сіздерге Алғысым шексіз дей отырып, ризашылық пен алғыс ұғымдарының маңызына тоқталып өтті. Әрбір оқырман өз анасына, Отанына, туған туыстарына, Қазақстанда тұратын барша тату ұлт өкілдеріне алғыстарын білдірді. Осы шарадан оқырмандар жақсы әсер алып, ыстық ықыластарын білдіріп, жақсы көңіл – күй сыйлады.





