«Алғыс бар жерде бірлік бар» алғыс айту сағаты өтті.

27 ақпан күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 наурыз Алғыс айту күніне орай адамдарды бір-біріне алғыс айтуға, мейірімділік пен жанашырлық танытуға, ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастарды нығайтуға шақыру мақсатында «Алғыс бар жерде бірлік бар» алғыс айту сағаты өтті.