«Алғыс айту парызым» библиошар өтті.

27 ақпан күні Бірлік ауылдық кітапханасында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым» библиошар өтті.

Шара барысында оқырмандарға Алғыс айту күні – елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні екенін айтып өтті. Сондай-ақ оқырмандар шарға жасырылған сұрақтарға жауап беріп, «Отан», «Туған ел» жайында өлең жолдарын айтты.