«Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» тақырыбына тәрбие сағаты өтті.
27 ақпан күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» тақырыбына тәрбие сағаты өтті.
Алғыс айту – адамдардың бір-біріне жасаған жақсылығы мен көмегіне ризашылық білдіруі, оны сөзбен не әрекетпен көрсетуі. Бұл – адамзатқа тән жоғары рухани-адамгершілік қасиет. Алғыс айту адамдар арасындағы сыйластықты, мейірімділікті, өзара түсіністікті нығайтады. Ол қоғамда жылы қарым-қатынас қалыптастырып, жеке тұлғаның мәдениетті, тәрбиелі болуын көрсетеді



