«Алғыс айту-адамгершілік белгісі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
28 ақпан күні Көктөбе ауылдық кітапханасының қызметкерінің ұйымдастыруымен 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-адамгершілік белгісі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тағылымға толы іс-шара барысында оқушыларға еліміздің салт – дәстүрімен тарихына құрмет көрсетіп, әрі ұлт бірлігін нығайтатын мерекенің тарихи маңыздылығы түсіндірілді. Шара соныңда мереке достық, мейірімділік туралы өлеңдер оқумен және бір-біріне алғыс сөздерін айтумен аяқталды.
