“Алғыс айту -адамгершілік белгісі” атты әдеби микс өтті.
28 ақпан күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Алғыс айту күніне орай Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Алғыс айту -адамгершілік белгісі” атты әдеби микс өтті. Іс-шара барысында кітапханашы мерекенің шығу тарихы туралы баяндап берді. Оқырмандарға бейне слайд көрсете отырып, жаңа түскен әдебиеттерге шолу жасап өтті. Оқушылар алғыс айту күніне өлең шумақтарынан шашуын шашты.

