«Алаштың мақтанышы – Әлихан» атты әдеби портрет кеші өтті.
13 ақпан күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының көсемі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдық мерейтойына орай «Алаштың мақтанышы – Әлихан» атты әдеби портрет кеші өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы Ә.Нұрмұхамбетұлы Әлихан Бөкейханның адамзат тарихында сирек кездесетін біртуар тұлға екенін атап өтіп, оның ел тәуелсіздігі жолындағы ерен еңбектері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар кітапхана қорындағы Ә.Бөкейханның еңбектері мен ол туралы жазылған кітаптарға шолу жасалды.
Кеш барысында оқушылар Әлихан Бөкейханов жайлы өздері білетін мәліметтерімен бөлісіп, пікір алмасты.



