«Алаштың азаттық аңсаған ардақтысы» тарих сағаты өтті.

18 наурыз күні Алға ауылдық кітапханасында Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдық мерейтойына орай «Алаштың азаттық аңсаған ардақтысы» тарих сағаты өтті.

Іс-шара барысында Алаш партиясының жетекшісі, көрнекті публицист, ғалым және аудармашы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегі туралы қысқаша мағлұмат берілді.