«Алаштың абзал азаматы» атты танымдық сағат өтті.

25 қараша күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Міржақып Дулатовтың 140 жыл толуына орай «Алаштың абзал азаматы» атты танымдық сағат өтті.

Шара барысында оқушыларға қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы таныстырылып, оның ұлт тәуелсіздігі жолындағы қажырлы еңбегі кеңінен айтылды.