«Алаш тағдыры – аса қасіретті де аяулы тағдыр» атты еске алу сағаты өтті.
28 мамыр күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Алаш тағдыры – аса қасіретті де аяулы тағдыр» атты еске алу сағаты өтті.
Бұл еске алу сағаты қазақ халқының азаттығы жолында күрескен Алаш арыстарының өмірі мен еңбегін насихаттауға арналған. Шара барысында Алаш қайраткерлерінің ел тәуелсіздігі үшін атқарған қызметі, халқына деген сүйіспеншілігі, көрген қиындықтары мен қасіретті тағдырлары туралы айтылады. Оқушыларға ұлт зиялыларының өнегелі өмірін таныстыру арқылы отансүйгіштікке, елін құрметтеуге тәрбиелеу көзделеді.



