«Алаш әдебиетінің көрнекті ақыны» тарихи сағаты өтті.
13 наурыз күні Көктөбе ауылдық кітапханасында қазақтың мемлекет қайраткері, Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханановтың 160 жылдығына орай «Алаш әдебиетінің көрнекті ақыны» тарихи сағаты өтті.
Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарға ұлт көшбасшысының ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегімен таныстырып, оның Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметін құрудағы тарихи рөлі туралы мағлұмат берді. Шығармашылығымен таныстрып, оқуға ұсынды.



