«Алғыс айту-асыл қасиет» тақырыбында фристайл имправизация кеші өткізді.
1 наурыз күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-асыл қасиет» тақырыбында фристайл имправизация кеші өткізді. Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Шара барысында кітапханашы жылы сөз, кайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар деп айтып өтті. Оқырмандар өздерінің жақсы тілектерін, ризашылықтарын, алғыстарын білдірді.

