«Айтыстың тарланы» тақырыбында сыр кеші өткізілді.

18 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның 75 жас мерейтойына орай «Айтыстың тарланы» тақырыбында сыр кеші өткізілді.

Іс-шараға қатысушыларға кітапханашы қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның өмірбаянына тоқталып, оның ұзақ жылдар бойы республикалық айтыстарды ұйымдастырып, қазақтың суырыпсалма өнерін жаңа деңгейге көтерудегі еңбегі туралы айтып өтті.