«Айтыстың дара тұлғасы» өмірбаяндық шолу өткізілді.
17 наурыз күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Айтыстың дара тұлғасы» өмірбаяндық шолу өткізілді. Шараның мақсаты – қазақ айтыс өнерінің көрнекті өкілінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандарға ұлттық өнердің құндылығын дәріптеу.
Іс-шара барысында Жүрсін Ерманның өмір жолы, айтыс өнеріндегі орны мен жетістіктері кеңінен таныстырылып, оның суырыпсалмалық қабілеті мен тапқырлығы туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға ақынның әйгілі айтыстары мен шығармаларынан үзінділер оқылып, бейнематериалдар көрсетілді.



