«Айналдым құдіретіңнен, ана тілім» поэтикалық марафон өтті.

19 ақпан күні 21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында «Айналдым құдіретіңнен, ана тілім» поэтикалық марафон өтті.

Іс шара барысында оқырмандар Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсынова шығармаларынан ана тілі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Шарада ана тілімізді қадірлеу, оны таза сақтау және келер ұрпаққа аманат ету – әр азаматтың қасиетті борышы екені айтылды