«Әзіл-сықақ өнерінің шебері» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.

10 қыркүйек күні Қонаев ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың белгілі сатиригі, жазушысы, журналист, қоғам қайраткері Әмірбек Көпеннің 75 жасқа толуына орай «Әзіл-сықақ өнерінің шебері» атты өмірбаяндық шолу өткізілді. Кітапханашы оқырмандарға сатира жанрының дара тұлғасы Әмірбек Көпеннің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беріп,әзіл арқылы қоғамдағы кемшілікті көре білуге және сындарлы ой түюге түсіндірді.