«Әсем ән мен тәтті күй» тақырыбында блиц өтті.

15 желтоқсан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Халық ақыны, өнерпаз Сауытбек Ұсаұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Әсем ән мен тәтті күй» тақырыбында блиц өтті.

Мақсаты: Халық ақыны Сауытбек Ұсаұлының шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа оның өнер жолын таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру.

Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларға «Ашаның алты салы» атанған халық өнерпазы — Сауытбек Ұсаұлының өмірі мен шығармашылығы жайында кеңінен әңгімелеп берді. Оның ақындық өнерінің биік шыңы саналатын «Ақбөпе» дастаны, суырыпсалма өнері мен халық арасындағы танымалдығы жайлы мәліметтер ұсынылды.

Блиц форматында оқырмандарға ақын өмірі мен шығармаларынан сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, ақынға арналған кітап сөресі ұйымдастырылып, кітапхана қорындағы материалдармен танысу мүмкіндігі берілді