“Әр өлеңі -бір әлем” тақырыбында мәнерлеп оқу өтті.

6 ақпан күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай “Әр өлеңі -бір әлем” тақырыбында мәнерлеп оқу өтті. Іс -шарада ақынның поэзияларын оқырмандар жатқа оқып, кітапхананың тұрақты оқырманы Сембай Әлия лирик ақынның “Бақыт” өлеңін домбырамен нақышына келтіріп орындап берді.