“Әр өлеңі бір әлем” тақырыбында библиошар өтті.

9 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Мақатаев трек мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың көрнекті ақыны, мұзбалақ ақын, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай “Әр өлеңі бір әлем” тақырыбында библиошар өтті. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармалары таныстырылып, оқушылар шарда жасырылған сұрақтарға жауап беріп, өлеңдерін жатқа оқыды.