«Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-әуенді кеш өтті.

9 ақпан күні Көкқайнар, Ақсу, Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының асқақ шыңы, жүрек жырының жыршысы, ұлы тұлға – Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-әуенді кеш өтті.

Іс-шараға Саттар Естемесов атындағы мектептің оқушылары мен кітапхана оқырмандары белсене қатысты. Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, жүрекке жетер жырлары оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды.

Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқырмандарға Алғыс хаттар табысталып, рухани әсерге толы тағылымды кеш өз мәресіне жетті.